Бүгін:
kz ru

9 мамыр Ұлы Жеңіс күні

 

 Жеңіс күні аудан әкімі бастаған ауданымыздың әр мекеме басшылары және жиналған жұртшылық Ұлы Отан Соғысында ерлікпен қаза тапқан құрбандарға арнап орнатылған ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойылып бізге бейбітшілік таңын сыйлаған асқақ рухты бабалар есімі ұлықталып, шейіт болғандарды еске алып, санаулы қалған ардагерлерге сыйлықтар табыс етілді.

Сондай-ақ бірқатар соғыс ардагерлері сөз сөйлеп,соғыстың ыстық жалыны қарпыған сәттерді еске алып,от кешекен майдандастар рухына тағзым етіп, «келешек ұрпақ бұндай қасірет көрмесін »деп,тілек білдірді.

Осылай ел намысын қорғаған ерлерімізбен Отан үшін от кешкен бабалар есімі тағы да ұлықталды.

Аудандық орталық алаңда Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған мерекелік іс-шара салтанаты шерумен жалғасты.Орталық алаңда сарбаздар мен мектеп оқушылары құрған әскери топтар сап түзеп,  Басқар Битанов атындағы театр ұжымы театрландырылған  музыкалық көрініс қойып сұрапыл соғысты көз алдымызға әкелді.

Аудан әкімінің құттықтау сөзінен кейін Луговой әскери бөлімшесінің сарбаздары бастаған мерекелік шеру жүріп өтті.Сарбаздардың шеруден жүріп салған  әндері жиналған жұртшылықтың патриоттық рухын көтерді.

Мереке әрмен қарай мерекелік концертпен ұласты.Ж. Үсейіннің әуелете салған «Әлия» әні қазақтың батыр қызы Ә.Молдағұлованың рухын асқақтатты.Сондай-ақ Е.Құлышев шырқаған «Смуглянка» әні соғыс ардагерлерінің сұрапыл жылдарда патриоттық рух берген әндерді есіне түсірді.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз