Бүгін:

8 наурыз

 

Әйел заты сезім мен ерікжігерден жаратылған. Сезім оны ана болуға тәрбиелейді. Жер бетінде  аналардың махаббаты күйреудің емес – өміршендікті, солуды емес – өнуді үйретеді. Сондықтан да ананы адамзаттың тәрбиешісі, тіршіліктің тынысы дейміз.

        8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Аудандық М. Өзбеков мәдениет үйінде  «Ару қыздар асыл жандар» атты салтанатты жиын, мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді. Мерекеге ауданымздағы барша әйелдер қауымы келді. Аудан әкімі Айтақов Жарылқасын Әбдіғаппарұлы, ауданымызға еңбегі сіңген нәзік жандарды   марапаттап  жүрек жарды лебізін білдірді.

  М. Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздары  аналарға, қыздарға арнап өлеңдерін шырқады. «Әдемі- ау» халықтық би ансамблінің бүлдіршіндер тобының «Домбыра», «Прогулка», «Балапан» билерін қазақ қыздарымыздың   мың бұралған әсем биі көктемнің жайма шуақ күнін көз алдымызға суреттеп бергендей болды. Н. Әмірбетовтың орындауындағы Б. Омаровтың әні  «Анаға сый», «Қыздар», «Анаға сағыныш» т.б.  әні  ару қыздарымыздың жүрегінен  шыға білді.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз