Бүгін:
kz ru

"Аналар- асыл жандар" атты салтанатты жиын өтті

«Ана» деген киелі ұғым, қасиетті сөз. Өмірдегі бар мейірім мен  ізет,  тазалық пен мөлдірлік, адамдық пен адалдық осы ұғымның айналасына топтасқан. |Ана бақыты – бүкіл адамзаттың бақыты. Бүкіл дүниежүзінің халқы көктемнің алғашқы шуақты күнінде аналарға, қыз-келіншектерге  құрмет көрсетіп, Халықаралық әйелдер күнін атап өтті.

Осындай айтулы мерекеге орай,  Мәдениет үйінде аудандағы аяулы аналар мен іскер арулар, мекемелер, жалпы білім беретін оқу орындары қызметкерлерінің басын қосқан салтанатты жиын өтті. Мерекелік жиында сөз сөйлеген аудан әкімі Мәден Тоқтарбайұлы Мұсаев барша аналар мен ару қыздарды гүл көмкерген көктемнің щуақты мерекесімен құттықтап, ананың қасиеті мен құдіретіне тоқтала келе жан сұлулығы мен мейірімін  кеңінен  баяндады.

Аудан басшысы әлемді тәрбиелейтін аналарды құттықтаған соң ауданның әлеуметтік эконмикалық дамуына  елеулі үлес қосып жүрген нәзік жандыларды марапаттап,аудан әкімі салтанатты түрде тапсырды.

Аудандық мәслихаттың хатшысы Ш.Исабеков пен  аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Жазықбаев ақ жаулықты аналарды, қыз-келіншектерді құттықтап, бір топ нәзік жандыларға ауданның Құрмет грамотасын, облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын тапсырып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі. Мерекелік салтанатты жиын аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары мен Облысымызға белгілі Республикамызға танымал Жамбыл облыстық филармониясының «Тараз» триосының" мерекелік концерттік  бағдарламасына  ұласты.





 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз