Бүгін:
kz ru

Аудан әкімі Мәден Мұсаев ауданымыздағы ел құрметіне бөленіп жүрген батыр аналарымызды және ардақты апаларымызды қабылдады.

     Адамға  шексіз қуаныш сыйлайтын Аналар мерекесі де елімізде кеңінен атап өтілді. Осынау көктемгі көркем мейрам күніне  орай аудан әкімі Мәден Мұсаев ауданымыздағы ел құрметіне бөленіп жүрген батыр аналарымызды және ардақты апаларымызды қабылдады.

       - Аяулы аналарымызға қандай құрмет көрсетсек те артық етпейді. Елдің дамуы мен экономиканың өркендеуіне зор үлес қосып, еңбекпен пісіп-жетілген аналарымыз баршылық. Осындай ізгі қасиеттеріңіздің арқасында әрқайсыларыңыз ошақтың отын маздатып, отбасының берекесін арттырып, бақытын еселеп отырсыздар. Шаңырақ жауапкершілігімен қоса, қоғамда да өз үні, өз орны бар мықты маман, іскер азамат ретінде еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосып келесіздер. Сіздерге осы орасан еңбектеріңіз бен ерік-жігерлеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Отбасыларыңызда әрқашан қуаныш, бақыт пен ынтымақ орнап, барлық арман-мақсаттарыңыз орындала берсін –деген аудан басшысы Мәден Тоқтарбайұлы аналарды төл мерекелерімен құттықтады. Содан соң аналарды ауданда атқарып жатқан игілікті істерден хабардар етті.

        Бұдан кейін мереке иелеріне аудан әкімінің «Құттықтау хаты» мен мерекелік сый-сияпаты табысталды.

         Құрмет төрінен көрінген аяулы аналарымыздың атынан айдарлылық және мойынқұмдық еңбек ардагерлері, көп балалы аналар Күлзада Тілеубаева мен Демьянова Зинаида Михайловна сөз алып, аудан басшысына алғыстарын айтып, ел игілігі жолындағы қызметіне табыс тіледі.

      Мерекелік кеш аудандық Мәдениет үйіндегі концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.



 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз