Бүгін:
kz ru

"Тіл - көңілдің тілмашы" аудандық мәнерлеп оқу байқауы

21 ақпан - Халықаралық ана тілі күні мерекесіне орай  Мәдениет  және  тілдерді  дамыту бөлімінің және аудандық  мәдениет  үйінің  ұйымдастыруымен  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай  «Тіл –көңілдің тілмашы»  атты  аудандық мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға аудан бойынша 19 үміткер қатысты. Сөз Мәдениет эжәне тілдері дамыту бөлімінің басшысы мұқашев Мәлік Мұратәлі ұлына беріліп, қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі. Байқауға әділқазылық еткен : Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің оқу залы меңгерушісі гүлсім Нарбаева және Аудандық мәдениет үйінің аға әдіскері М.Калиакбаров және Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Әбілдаева Құралай. әділқазылар шешімі бойынша І- орынды  Абылай Айгерім (Көкжелек ауылы) ІІ- орын Смағұл Айғаным(Кеңес ауылы) және Талғатқызы Жанар (Мирный ) ІІІ- орын Төркінбаева Жәудір (Мойынқұм) және Абдигарипова Балжан )Биназар) иеленді. 



 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз