Бүгін:
kz ru

"Жамбыл- менің жай атым, халық - менің шын атым" атты аудандық ақындар айтысының іріктеу кезеңі өтті







             2019 жылдың 25-қаңтарында Мойынқұм аудандық мәдениет үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Айтыс деген киелі мұраны насихаттап ,ұрпақтан ұрпаққа жеткізу ,талантты жастарымызды өнердің кәусар бұлағынан нәр алғызып, шеберлігін шыңдауға ықпал ету мақсатында Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай «Жамбыл – менің жай атым, халық-менің шын атым!» атты облыстық ақындар айтысына іріктеу кезеңі өтті. Айтысқа аудан, ауылдық округтерден 6 үміткер таңдап алынған болатын. Атап айтсақ: Болысбеков Талғат( Жамбыл ауылы), Дәнен Арайлым (қылышбай ауылы), Ноғаева Айман (А.Назарбеков ауылы), Байымбетов Нұрбол( Мойынқұм), Несіпбай Шәміл  (Мойынқұм), Шайдахмет Айдос (Мойынқұм).

           Бұл іс-шараға «Мәдениет сласының үздігі» төсбелгісінің иегері,айтыскер ақын  Ербол Қамбатыров ағамыздың төрелік етуімен қазылар алқасы тағайындалды. Айтысты Ерлан Айтқабыл жүргізіп, қатысушыларды таныстырып өтті.

          Барлық үміткерлер Облыстық мәдениет басқармасының алғыс хаттарымен, сондай-ақ, Мойынқұм аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен мәдениет үйінің Алғыс хаттары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз