Бүгін:
kz ru

Мойынқұм аудандық мәдениет үйіне қарасты Биназар ауылдық клубында Мұқағали Мақатаевтың 92 жылдығына орай "Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" атты әдеби-сазды кеш өткізілді.

 "Барлығы да, поэзия, сен үшін", - деп әдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы һәм бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқағалидың құдыретті өлеңдері халқының жүрегінде.

 Кеште Мұқағалидің: "Арыз жазып кетемін", "Армысыңдар адамдар", "Қазақстан", "Бесік жыры", "Сәби болғым келеді", "Интернатым-мектебім", "Болашақтың елшісімін", "Жалаңаяқ қыз", "Жасыл желек жайлаған", "Адасқан шағала", "Сонарда", "Азайып бара жатыр" т.б. көптеген өлеңдері жатқа оқылып, көрініс арқылы қойылды.

 Ақын мұрасы, маржан поэзиясы-мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы, ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек.

#madeniet08
#zhambyl_ocnt




Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз