ТАРАЗ ТӨРІНДЕ - МОЙЫНҚҰМ КҮНДЕРІ
Желтоқсан айының 4 жұлдызында Облыс орталығында «Туған жерім - дархан далам» атты Мойынқұм ауданының Тараз қаласындағы күндері өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жоба аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Көне Тараз тұрғындары мен қонақтары айтулы күні мойынқұмдықтардың тыныс-тіршілігімен, мәдениетімен етене жақын танысты. Мәселен, қала тұрғындары мен қонақтары «Баласағұн» концерт залында Мойынқұм аудандық білім бөлімі мен музей ұйымдастырған «Мойынқұм табиғаты», «Жазылбек – 125», «Көне бұйымдар» атты көрмелер, қазақ, өзбек, ұйғыр, татар, орыс ұлттарының ұлттық көрмесін тамашалады.
Шара соңында қала тұрғындары мен қонақтары Мойынқұм ауданының өнерпаздары ұсынған концерттік бағдарламаның куәсі болды.
Мәдени шара аясында эстрада жұлдыздары Ерлан Орынбасар, Баян Нұрмышева, сонымен қатар аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының қатысуымен ауқымды концерттік бағдарлама мен «Құт дарыған, Мойынқұм!» атты театрландырылған қойылым көрсетілді.
