Бүгін:
kz ru

"Асыл ана"

07-наурыз күні аудандық мәдениет үйінде «Асыл ана» атты 8-Наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған мерекелік концерт өтті. Концертке келген ауданның барлық қыз-келіншектері мен аналарға кіре берісте иықтарына ақ жаулық жауып, залдағы көрермендерге ана туралы видео ролик көрсетілді. 8- Наурыз халықаралық әйелдер күніне орай ауданымыздың аналар мен қыз-келіншектерін аудан әкімі құттықтап, құрмет грамоталарымен марапаттады. Концертті «Меркі» халық театры мен «Үміт» оқушылар сарайының аналардың мерекесіне арналған музыкалық композициясымен ашып, ҚР Халық әртісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі, Құрмет орденінің иегері, актриса, Меркі ауданының құрметті азаматы, жерлесіміз, ардақты анамыз Әспетова Гүлжан Жарылқасымқызының, Рамазан Стамғазиевтың, Маралбек Ыбрайовтың және Марат Омаровтың видео ролик арқылы аналар мен қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады. Аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары өз өнерлерін халыққа паш етті.













 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз