Аудандық «Сағындырған Саржайлау» атты ән байқау
Үстіміздегі жылдың 24 сәуір күні сағат 11.00-де Аспара ауылдық клубының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың 80 жылдық мерей тойына орай аудандық «Сағындырған Саржайлау» атты ән байқау өтті.Байқауға Аспара ауылдық округінен Мамырбаев Нәрікбай және Баймурзаева Жұмакүл, Ақермен ауылдық округінен Рыскелдиев Айбек, Ақтоған ауылдық округінен Қасым Айбек, Ақарал ауылдық округінен Ақжол Досхан, Сұрат ауылдық округінен Сейтбеков Ерік қатысып, ережеге сай өз өнерлерін көрсетті. Әділқазылардың шешімі бойынша, 1-орын Ақарал ауылынан келген Ақжол Досханға, 2-орын Сұрат ауылынан келген Сейтбеков Ерікке, 3-орын Ақермен ауылының тумасы Рыскелдиев Айбек пен Аспара ауылының өнерпазы Баймурзаева Жұмакүлге бұйырды. Қатысушы үміткерлеріміз бағалы сыйлықтармен марапатталды.





