«Ақынға қара сөзден өлең оңай» атты аудандық ақындар айтысы
Үстімздегі жылдың 20 сәуір күні сағат 11.00-де аудандық мәдениет үйінде Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған мәдениет үйлер және клубтар жүйесі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ұйымдастыруымен «Ақынға қара сөзден өлең оңай» атты аудандық ақындар айтысы өтті. Іс-шараның алғашқы сөзі аудан әкімінің орынбасары Абжапаров Бахытхан Жаханұлына берілді. Бахытхан Жаханұлы айтыс өнері туралы айтып, айтыскер ақындарға сәттілік тіледі. Айтысқа ауданымызға қарасты 14 округтан 13 үміткер қатысты. Айтыскер ақындар Мерейлі Меркі жерінен шыққан мәдениет, қоғам қайраткерлері мен Меркінің табиғатын жырлап өтті. Қыздың жолы жіңішке демекші,- Сарымолдаев округінен келген жас айтыскер ақын қызымыз Қаржаубай Ару, жұбы Балтабай Мұқағалидан басым түсіп бас жүлдені жеңіп алды. 1-орын Балтабай Мұқағалиға, 2-орын Шәкібаев Қанат пен Ракишев Ғабитке, 3-орын Мадиев Аян мен Бек Байтасқа бұйырды.