Елордасы Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ел жүрегі - Астана» атты Меркі ауданының мәдениет және өнер күндері
13-шілде күні сағат 18:00-де ҚР-ның Елордасы Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ел жүрегі - Астана» атты Меркі ауданының мәдениет және өнер күндері Тәтті ауылдық округінде өтті. Іс-шараға ауыл тұрғындары, әкімшілік, №13 мектеп ұжымы атсалысты. Концертте балабақша балалары да қамтылып, «Қасықшылар» ансамблі құрылып, қуыршақ театры «Алдаркөсе» ертегісін көрсетті. Жалпы өнерпаздар жанды дауыста өнер көрсетіп, дәстүрлі әнге көбірек көңіл бөлінді. Дуэт, трио, фольклор т.б. жалпы барлық жанр қамтылды.