ҚР-ның Елордасы Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ел жүрегі - Астана» атты Меркі ауданының мәдениет және өнер күндері
26-маусым күні күні сағат 18:00-де ҚР-ның Елордасы Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ел жүрегі - Астана» атты Меркі ауданының мәдениет және өнер күндері Аспара ауылдық клубында өтті. Іс-шараны ауыл әкімі Қ.Бикеев ашып берді. Ауыл клубының әншісі Қ.Әбдіқадыр «Қазақстан» әнін орындаса, ауылдық клубтың жанынан құралған «Мерейлі» әжелер тобы «Әгугәй» әнін орындады. №2 ОМ ұстаздары мен клуб қызметкерлері «Достық» биін орындап, ауыл әкімі бастаған фольклорлық топ әннен шашу шашты. Клуб жанынан құралған бишілер тобы «Қазақ» биін орындады.