Бүгін:
kz ru

«Ел жүрегі - Астана»

2-шілде күні сағат 18:00-де  ҚР-ның Елордасы Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ел жүрегі - Астана» атты Меркі ауданының мәдениет және өнер күндері  Жамбыл ауылдық округінде өтті. Қоғамдық келісім орталығының мүшесі Б.Әлмейзова сөз сөйлеп, Астана қаласының 20 жылдығы мерекесімен ауыл тұрғындарын құттықтады. Іс-шараны «Көгершін» балабақшасының тәрбиешісі А.Секенбаева «Астана» әнімен ашса, «Ертөстік» балабақшасының тәрбиешілері «Жасмин» биін биледі. «Айым» балабақшасының тәрбиешілері Ә.Желдібайевтың «Ерке сылқым»күйін , №18 ОМ ұстазы М.Берікова «Бақыт құшағында» атты әнін орындады.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз