"Татулығы жарасқан отбасы" жарысы
Үстіміздегі жылдың 4 наурыз күні сағат 15.00-де «Орталықтандырылған мәдениет үйлер және клубтар жүйесінің» ұйымдастыруымен, аудандық «Татулығы жарасқан отбасы» жарысы №39 Т.Қожакеев атындағы орта мектеп гимназиясының спорт залында өтті.
Іс-шара жанұяның бақытты дені сау болып өмір сұру мақсатында ұйымдастырылды. Жарысқа 3 жас отбасы қатысты. Олар, «Сұңқар», «Тұлпар», «Қыран» командасы болып жарысқа түсті. Жарыс 8 спорттық шарт бойынша өтіп, төрешілердің шешімі бойынша 1 орын «Сұңқар» тобына, 2 орын «Қыран» тобына, ал 3-орын «Тұлпар» тобына бұйырды. Жарыс әділ, әрі қызықты өтті.