Бүгін:
kz ru

"Батаменен ел көгерер" атты ақсақалдар арасында аудандық байқау

30 наурыз күні сағат 11.00-де  Аудандық мәдениет үйінде  жастар бойына халқымыздың асыл қадір-қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, оларды Отансүйгіштікке, ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеуге, әдептілік пен  имандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында «Батаменен ел көгерер» атты ақсақалдар арасында аудандық байқау өтті. Байқауға Тәтті, Аспара, Т.Рысқұлов, Ақжол, Қызыл сай, Меркі, Сарымолдаев, Жамбыл ауылдық округтерінен 8 ақсақал қатысып, байқаудың шарттарымен талаптарын жоғарғы деңгейде орындап шықты. Байқаудың бас жүлдесін Тәтті ауылдық округінен келген  Айнақұлов Белгібай ақсақал иеленді. 1 орынды Қызыл сай ауылынан келген Ақжолов Әлімхан ақсақал, 2 орынды Меркі ауылдық окруінің ақсақалы Өмірбаев Әбен мен Жамбыл ауылдық округінің ақсақалы Қалысбаев Исабай ақсақал иеленді.

   
 
 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз