Бүгін:
kz ru

«Күлеміз бе?» атты мерекелік концерт өтті

1 сәуір күлкі күніне орай аудандық мәдениет үйінде «Күлеміз бе?» атты мерекелік концерт өтті. Іс-шараны «Меркі» халық театры «Жезде мен қайын» туралы әзілмен бастаса, №9 «Меркі» колледжінің ұстаздары «Наушабай мен Толқын» және «Қазақ қызы», ауылдық клуб меңгерушілері «Ене мен келін», «Ақылес батыр» атты әзілері көрермен көңілінен шықты. Сонымен қатар «Меркі әуендері» ән-би ансамблінің әншілері К.Пірімқұлова, Ұ.Қойлыбекова, Қ.Алимов, Г.Нұрлыбаева, М.Алтуева және ауданның жас көркемөнерпаздары И.Ергашев, Б.Жанат, А.Талғат, Б.Молдазымдар әннен шашу шашты. Іс-шараны 50-ге жуық көрермен тамашалады. Іс-шараны қорытындылау үшін аудандық мәдениет үйінің директоры Тулакбаев Нұржан Бейсенбайұлына сөз беріліп, әзіл-сықақ отауларына алғысын білдірді.









 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз