8 наурыз Халықаралық аналар күніне орай «Ана – өмір шуағы» атты мерекелік концерт өтті.
2021 жылдың 5 наурыз күні аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз Халықаралық аналар күніне орай «Ана – өмір шуағы» атты мерекелік концерт өтті. Аудан әкімі Руслан Маратұлы Нұрсипатов аналарды мерекемен құттықтап, алқын, күміс алқа иелерін марапаттады. Іс-шарада Облыстық К.Әзірбаев атындағы филармонияның "Ақкербез" және "Айша бибі" би ансамбльдері қазақ биі "Арман дала", өзбек биі "Перизат", татар биі "Қалыңдық" т.б. билерін билесе, Облыстық К.Әзірбаев атындағы филармонияның әншісі Ә.Уашева Л.Хамидидің "Бұлбұл" және А.Зацепиннің "Ана" әндерін орындады. Сонымен қатар VIII сезонның «Х Factor» жобасының гранд финалисті Асыл Жомартов, "Меркі әуендері" ән-би ансамблінің әншілері М.Шалабаев, Г.Нұрлыбаева, К.Пірімқұлова, Ұ.Қойлыбекова, Н.Ратаев (оқушылар "Үміт" сарайының "Жібек жолы" бишілер тобының сүйемелдеуімен), Н.Исатаев келген көрерменге әннен шашу шашты. ЛЭД экран арқылы ҚР Халық әртісі А.Әшімовтың және ҚР Халық әртісі Алтынбек Қоразбаевтың аудан тұрғындарын мерекелік құттықтау бейнеролигі көрсетілді. Концертте театрландырылған музыкалық композиция қойылып көрерменнің ыстық ықыласына бөленді













