Бүгін:
kz ru

"Жамбыл - менің жәй атым, халық - менің шын атым" атты аудандық ақындар айтысы

2021 жылдың 30 қаңтар күні аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Ж.Жабаевтың 175 жылдығына орай "Жамбыл - менің жәй атым, халық - менің шын атым" атты аудандық ақындар айтысы  өтті. Іс-шараның мақсаты: Айтыс өнерін мәдениетіміздің баға жетпес асыл мұрасы ретінде халыққа жан-жақты насихаттап, оның дамуына қолдау көрсету, болашақ ұрпаққа айтыс өнерін жеткізу, айтыс өнерін одан әрі дамытып, сапалық деңгейін жақсарту мақсатында өткізілетін дәстүрлі іс-шара ретінде қалыптастыру, талантты, дарынды жас ақындардың ақындық шеберлігінің шыңдала түсіп, көпшілікке танылуына мүмкіндік жасау, жастарға Ж.Жабаевтың шығармашылығын айтыс арқылы насихаттау, елді адал еңбектен нәсіп табуға үндеп, бірлік пен бейбітшілікке шақыру, ақындарды тыңдармандармен қауыштыру, жас ақындардың тәжірбесін арттыру. Іс-шараға  12 ақын,  6 жұп болып қатысып, нәтижесінде бас жүлдені  Булбул Солтанаева, І орынды Аян Мәдиев пен Жанкуат Керамадин иеленсе, ІІ орынды Аружан Адабаева мен Дулат Әбдіман,  ал ІІІ орынды Нұрбек Рахимов пен Нұрым Қыдырбеков иеленді.















 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз