31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
Ү.ж 31 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде сағат 11.00-де 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шара өтті.
20 жыл бойы қазақ жұрты осы күнді ерекше құрметпен атап өтіп келеді.Тағы да тарих беттеріне жүгінетін болсақ, елдің басына түскен ауыр жылдар халық санының азаюына, ел эканомикасының құлдырауына, ел арасының ыдырауына әкеліп соқтырған еді. Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың есімі тарих беттерінен ешқашан өшпек емес!
Іс-шара алдында саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы лэд экран арқылы деректі фильм көрсетілді. Фанфар беріліп, екі жүргізуші ортаға шығып, жиналған қауыммен амандасып саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы кіріспе сөздер айтты. Еске алу жиынның алғашқы сөзі аудан әкімі Өмірбеков Мейірхан Азатұлына берілді. Аудан әкімінің сөзінен кейін Есенқұл Жақыпбековтың «Біздің елдің жігіттері» атты әнін «Меркі әуендері» ән-би ансамблінің әншісі Андабаев Досымбек нақышына келтіріп орындады.
Елім деп еңіреген, саясаттың құрбаны болған арыстарымыздың шығармалары мен әдеби-сазды композициясын аудандық білім бөлімінің оқушылары орындады. Іс-шараға аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен мекеме басшылары және аудан ақсақалдары қатысты. Іс-шараға 450-ге жуық адам қатысты.




