Бүгін:
kz ru

"Асабалар аламаны" атты аудандық асабалар байқауы

Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі "Орталықтандырылған мәдениет үйлер және клубтар жүйесі" МКҚК-ның ұйымдастыруымен "Асабалар аламаны" атты аудандық асабалар байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: - Қазіргі қазақ қоғамындағы той өткізу, дәстүрлерінен кемшілік тұстарын саралау, ретке келтірілген үлгілі жобаға айналдыру, асабалардың мәдениетін, жүргізу шеберлігін жетілдіру.
Байқау бес бөлімнен өтіп, байқауға 7 асаба қатысып, І-орынмен Айдархан Қайсар Қайратұлы, ІІ-орынмен Сахов Дәурен Бақытбекұлы, ІІІ-орынмен Шынықов Мұхит Тайбекұлы, Ракишев Ғабит Ерсайынұлы "Тарлан асаба ", Сахов Дархан Бақытбекұлы "Білімді асаба", Байділдә Ерсін Серікұлы "Өнерлі асаба", Масақбаев Айдын Серікұлы "Талантты асаба" номинацияларымен және, арнайы қаржылай сыйақымен марапатталынды.








 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз