Бүгін:
kz ru

1-Желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын

29 - қараша күні аудандық мəдениет үйінде 1-Желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында оқушылар "Үміт" сарайының "Жібек жолы " би тобы, "Балдаурен", "Қарлығаш" бала бақшаларының бүлдіршіндері, "Кеңес" ауылдық округінің "Қызғалдақ" бишілер тобы, аудандық білім бөлімінің көркемсөз оқу шеберлері, сондай -ақ "Меркі əуендері" ән-би ансамблінің көркем өнерпаздары мен "Асыл Мұра" фольклорлық этнографиялық тобы өз өнерлерін көрсетті. Тұңғыш елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дəстүрлік іс-шараға айналуға орны бар екенін айтып өтуіміз қажет. Тұлғаны уақыт тудыратыны, тарих танытатыны рас. Нұрсұлтан Əбішұлы- əлемдік тəжірбиені тал бойына тоғыстырған алымды да, алғыр басшы екені айғақ.







 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз