«Елдік елге байланысты» атты қоғамдық форум өтті.
6-қараша күні Меркі аудандық мəдениет үйімен Ішкі саясат бөлімі бірлесе отырып, аудандық мəдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Елдік елге байланысты» атты қоғамдық форум өтті. Форум барысында ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыптың уақыт ағымымен өзгеруі турасында түйткілді мәселелер қозғалса, ысырапшылдық пен даңғазалыққа жол бермеу, жастар тәрбиесінің өзектілігі төңірегінде әңгіме өрбіді. Сондай-ақ аудан тұрғындарын бірлік пен ынтымаққа, сабырлылық пен қанағатшылыққа, берекелі өмір сүруге шақыратын Үндеу жолданды.








