«Отбасы – бақыт мекені»
13-қыркүйек күні аудандық мәдениет үйі және Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай «Отбасы – бақыт мекені» атты аудан әкімшілігінің үлкен залында іс-шара өтті. Қоғамдағы жанұяның маңыздылығын дәріптей білген, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп, ел ықыласына бөленіп отырған әрбір округтегі үлгілі отбасыларды аудан әкімі алғыс хаттармен марапаттаса, аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары әннен шашу шашты.










