«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»
Қордай ауданы биыл Наурыз мерекесін ерекше атап өтті. Әр жерде әннен шашу шашылып, аста-төк дастархан жайылды.Орталық алаңға таң азаннан ағылған қордайлықтар бірін-бірі жыл басы-Наурыз мерекесімен құттықтап ізгі тілегін арнады. Осы сәт мерекелік көңіл күге бөленген қалың көпшілікті Ұлыстың Ұлы күнімен Қайрат Досаев пен аудандық маслихат хатшысы Руслан Нұрсипатов құттықтап, мерекелік шара Мәдениет үйінің концерттік бағдарламасына ұласты.
Он саусағы майысқан жас өнерпаздар көктемнің келуін бейнелейтін тамаша сахналық көрініс қойып,Қыдыр ата көне дәстүрге сай халықтың жаңа бастамаларына батасын беріп, елімізге бейбітшілік пен береке тіледі. Келесі кезекте сахна төріне көтерілген шығармашылық топ мүшелері, этномәдени орталық өкілдері, аудан өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салып, ұлттық нақыштағы түрлі ән мен биден құрылған концерттік бағдарламасын көрермен назарына ұсынды.Осылайша, тамаша дайындалған мерекелік іс-шара барша ұлт өкілдерінің басын қосты.