Бүгін:
kz ru

ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘНШАШУЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде (амфитеатр) Қордай ауданы көркемөнерпаздарының «Әуенді Тараз кештері!» атты концерті өтті.

Ұлттық өнерді кеңінен насихаттап, жазғы мезгілде ашық аспан астында өңір тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған шараның шымылдығын «Туған ел» әні түрді.

Бағдарлама «Молдабайдың әнімен» жалғасын тауып, «Ақсиса», «Ойжайлау», «Бақыт құшағында», «Бұлқынды жүрек», «Қазағым» және т.б ескі һәм есті шығармаларға ұласты. Махаббат Баденова және «Махаббат» халықтық би ансамбльі «Алтынай» және «Хорезм» биін биледі.
Сондай-ақ, «Шағала», «Шаттанамын», «Аяла сен мені», «Күтемін», «Сағынбаймын», «Жүрегіңде бір сыр бар», «Бағым сен» т.б бірқатар заманауи әндер шырқалып, концерт соңы «Жайна Жамбылым» әнімен аяқталды.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз