Бүгін:
kz ru

ТАҒЫ БІР КЛУБТЫҢ ЛЕНТАСЫ ҚИЫЛДЫ

"Nur otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша тағы бір нысанның тұсауы кесілді. Қордай ауданы, Жамбыл ауылында 90 орындық су жаңа ауылдық клуб ауыл тұрғындарының игілігіне берілді. Ауылдық клуб заман талабына сай барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Салтанатты шара барысында аудан әкімінің орынбасары Бекзат Болатбеков және Жамбыл ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Оразшаев сөз сөйлеп,  клуб лентасын қиды. Артынан аудандық мәдениет  үйінің  өнерпаздары ауыл тұрғындарына арнап концерттік бағдарлама ұсынды.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз