"Есіңде ме,сол бір кез?!"

Алыста қалған аяулы сәттерді көрерменмен қауыштырған, көрермен сағына күткен «Есіңде ме, сол бір кез» атты ретро-киноконцерт 28 сәуір Қордай аудандық мәдениет үйінде өтті.
Ретро-киноконцерт әлемге танылған жаухарларымыздың бірі, қазақ кино өнерінің төлқұжатына айналған «Қыз Жібек» фильмінде орындалған «Қөш қызығы» әнін Әйгерім Барманбекова «Ойжайлау» ұлт-аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен орындауымен ашылып, «Аққу» күйін Қ.Ахметов нақышына келтіре орындады.


Махаббат пен сұлулыққа, ержүректік пен мейірімге толы Үнді фильмдерінде орындалған әндерді Сәуле Жуатбекова, «У природы нет плохой погоды» әнін Светлана Османова, «Қазақфильм» студиясында Балалардың ғана емес ересектердің де сүйікті фильміне айналған «Менің атым Қожа» фильмінде орындалған Нұрғиса Тілендиевтің әні «Саржайлауды» Жаңыл Оңғарова шырқап, «Ромашки» балалар вокал тобы балалық шаққа саяхат жасап, «Бременские музыканты», «Мама для мамонтенка» мультфилміндегі әндерді әсерлі орындаса, біртуар режиссер Шәкен Аймановтың тамаша көңіл-күй сыйлап қана қоймай, қызықты сюжетімен есте қалатын ерекше фильмінің бірі «Тақиялы періште» де орындалған әнді Әйгерім Барманбекова, Қаршыға Сұраншиев, Ұлдан Шалабаева орындап жастық шақтың сағынышты шақтарымен қауыштырды.