Бүгін:
kz ru

«Бір шаңырақ астында...» атты 1 мамыр Қазақстан халқының бірлік күніне арналған мерекелік бағдарлама

 

Дархан дала даналығын дәріптеген тәуелсіз елімізде бүгінгі күні сан ұлттың өкілдері ынтымақтың ырысын ұлықтап тату-тәтті ғұмыр

кешуде. Ұлы достық мекеніне айналған мемлекетіміздің мерейін үстем,

 ертеңін жарқын, келешегін кемел етіп, жапырағын жайған алып бәйтеректей асқар шыңдарға  жеткізу - әрбір қазақстандық үшін басты мұрат. Осы орайда 1 мамыр Қордай ауданының орталық алаңында «Бір шаңырақ астында...» атты 1 мамыр Қазақстан халқының бірлік күніне   арналған мерекелік салтанатты іс-шара өтті. Алаңда түрлі-түсті жалаулармен дефиле жасалынып, «Жайна» және балалар мен жасөспірімдер орталығының бишілері түрлі ұлт өкілдерінің билерін нақышына келтіре биледі. Әуеге ұшырылған түрлі-түсті шарлар мерекенің шырайын кіргізіп, аудандағы түрлі этно мәдени орталықтар көрме ұйымдастырып, ән мен биден шашу шашты.      
 

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз