Бүгін:
kz ru

«Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран»

 

     Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерімізге арналған ескерткіш маңайында «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран»   Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған митинг өтті.  Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алынып, гүл шоқтары қойылды.Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған іс-шара Орталық алаңда «Мәңгілік полк» шеруімен жалғасып, мәдениет үйі өнерпаздары дайындаған театралдық қойылымын, концерттік бағдарламасын ұсынды. Ұлы Жеңіс мерекесін жақындатқан ардагерлерімізге «Астана» кафесінде дастархан жайылып, мәдениет үйінің әртістері соғыс жылдарында орындалған әндерді ардагерлеріміз бен бірге қосылып шырқап, би билеп ардагерлерімізбендің көңілін көтеріп қайтты. Мерекелік дастарханда ән шырқаған өнерпаздарға ризашылықтарын білодіріп, алғыстарын жаудырды.

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз