Бүгін:
kz ru

Қостөбенің белсенді жастары

  


Қостөбе ауылдық округіне қарасты Талас ауылы мен Қостөбе ауылдарының клуб меңгерушілері және жастар ресурстық орталығының мамандары бірігіп ауыл тұрғындарына жақсы көңіл –күй силап, түрлі көпшілік іс-шараларды атқарып жүр.

8-ші наурыз мерекесін  өте тамаша деңгейде ұйымдастырып ауылдағы  аналарымыз бен қыз келіншектерімізге арнап тамаша концерттік бағдарлама болды.

14 наурыз күні халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады.Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала  дайындап қойған дастарханын жайяды. Отбасы бір-бірлерімен екі қолмен амандасып, кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Осындай тамаша салт – дәстүрімізді Байзақ ауданы, Қостөбе ауылдық клуб меңгерушілері де өткізіп ауыл тұрғындарына тамаша көңіл күй силады.

15 ші наурыз күні Қостөбе ауылдық клуб меңгерушісі мен жастар орталығының маманының ұйымдастыруымен ауылдық клубта «Көктем аруы -2017» байқауы өтті.

22-ші наурыз Ұлыстың Ұлы күні де Қостөбе ауылдық округінде өте жоғары деңгейде аталып өтті. Түрлі ұлттық ойындар мен өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен концерттік бағдарлама да ел ынтасыннан шығып ауыл тұрғындары шат –шадыман күйде тарқасты.

1-ші сәуір күлкі күніне орай ауыл жастары арасында , Жайдарман ойындары өткізілді.

3-ші сәуір күні «Дін және жастар» тақырыбында кездесу кеші өтті. Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларының зерделеу орталығы» КММ-нің Байзақ ауданы бойынша инспекторы Ғ.Қабылбеков өз баяндамасын оқып, қойылған сұрақтарға тұжырымды жауаптар  берді.

5-ші сәуір «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік  » атты Қазақстан халқына Елбасының жолдауын ауыл тұрғындары мен жастар арасында насихаттау, түсіндіру және орындалуы туралы кездесу өтті.

   

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз