Ұлы даланың жеті қыры.Атқа міну мәдениеті
2019 жылдың 26 қаңтарында Байзақ ауданына қарасты Көктал ауылдық округінде ауылдық мәдениет үйі мен мектеп ұжымынң бірлесуімен Ұлы даланың жеті қыры мақаласы аясында Атқа міну мәдениеті тақырыбында тамаша іс -шара болып өтт. Іс-шара барысында ат үстінде жүрген көшпенділердің атқа еркін мініп жүруі үшін биік ер-тұрман мен үзеңгіні сонымен қатар ат әбзелдерін ойлап тапқандығын таныстырып өтті.Іс-шара барысында ат үстінде жүріп ойнайтын түрлі ұлттық ойындар көрсетілді. Атап айтар болсақ Теңге ілу, жамбы ату, қыз қуу, аударыспақ, көкпар сынды қазақтың ұлттық ойындары көрсетіліп, ауыл тұрғындары тамашалады. Абыз ақсақал бата беріп, жас өнерпаздардың өнерлері де жиылған ауыл тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады