Бүгін:
kz ru

КЕЗЕКТІ КЕЛЕЛІ КЕҢЕС

Өткен аптада Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл атындағы «Руханият» орталығында облысқа қарасты халықтық театрлардың дөңгелек үстелі өтті. 
Келелі кеңесте халықтық театрдардың бүгінгі хәл-ахуалы мен аталмыш саладағы жасалып жатқан жұмыстар турасында кеңінен әңгіме болды. Соқтықпалы-соқпақты киелі өнер саласының бір пұшпағы театр өнерінің құдіретін шалғайда жатқан көрермен қауымға сезіндіріп жүрген аудандық мәдениет үйлерінің жанынан құрылған халықтық театрлардың қызметі осы күні қандай дәрежеде екендігі де талқыланып, алдағы жылға жүйелі жоспарлар құрылды.
Жыл сайнғы дәстүр бойынша қатысушылардың бірауыздан қабылдаған шешімімен театр режисссерларының төрағасы сайланатыны белгілі. Осы мақсатта жиын соңында халықтық театрлар реджиссерларының Төрайымы болып ҚР мәдениет Қайраткері, режиссер Шолпан Жолдыбайқызы сайланды. 
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш қызметте бұған дейін Жуалы халық театрының режиссері Ербол Бекжанов болатын.


 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз