Бүгін:
kz ru

Жамбылым қандай тамаша!

«Жастар жылы» аясында, Жамбыл облысының 80 жылдығына орай «Жамбылым қандай тамаша!» атты мерекелк концерті бұл жолы Қордай ауданы көркемөнерпаздарының қатысуымен өтті. Концерттік бағдарламада Облыстық күйшілер байқауының жүлдегері Қуаныш Ахметов «Шаттанамын», «Қуаныш», «Мәңгілік» тақырыбындағы шығармаларын тарту етсе, Республикалық ән байқауларының жүлдегері Жанай Айдай «Халқым-ай», А.Елібаев «Асу Қордай» әнін нақышына келтіре шырқады.
Сонымен қатар, «Жайнай бер, жастар, жаңаша!», «Бұл өмірде», «Айналайын», «Қазағым» және тағы да бірқатар әуезді әндер айтылып, «Аққу» халықтық би ансамблінің бишілері «Мұңайма», «Өзбек биін» биледі.
 


 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз