Бүгін:
kz ru

ТАЛАСТЫҢ ТОЛҚЫНДАРЫ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Аптаның жұма жəне сенбі күндері өтіп жатқан "Жамбылым қандай тамаша!" мерекелік шарасы жалғасуда. Кеше қала тұрғындары Б.Момышұлы атындағы "Жеңіс" саябағында Талас ауданы өнерпаздарының концертін тамашалады.

Концерттік бағдарламада өңірге белгілі əншілер мен бишілер өнер көрсетті. Оларлың қатарында талтты да, талапты жас дарындар бар. Кештің соңы əдеттегідей ашық аспан астындағы биге ұласты.

Ал, бүгін дəл осы сахнада Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мəдениет үйінің өнерпаздары концерт қойды.

Естеріңізге сала кетсек, Жамбыл облысының 80 жылдығы мен "Жастар жылы" аясында ұйымдастырылған аталмыш шарада əр аптаның жұма күні рет-ретімен аудандық мəдениет үйлері концерт қойса, сенбі күні тұрақты түрде Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мəдениет үйінің əртістері өнер көрсетуде.
Қала тұрғындары мен қонақтары көңілінен шығып отырған шара алдағы аптада да өз жалғасын табады.




 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз