Мойынқұм ауданы көркемөнерпаздарының «Жамбылым қандай тамаша» атты мерекелік концертінің мәліметі
Мойынқұм ауданының көркемөнерпаздарының мерекелік концерті 19 шілде 2019 жылы Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында болып өтті.
Концерттік бағдарлама талантты «Жалын» би тобының «Қазақ» биімен ашылды. Төреби Жексембек, Ержан Омаров, Ақжан Мамбеталиев, Қажымұрат Абдықадыров, Гүлгүл Тәйтімова, Нұрболат Шікетаев, Еркебұлан Дүзелбай, Назгүл Аман, Жайнат Қырықбайдың орындауында «Ең алғашқы», «Кеш деме», «Әке толғауы», «Барабан», «Жүрек алдамайды», «Ғажайып күндер», «Кz жігіт», «Мақпалым», «Шіркін- ай», «Жүрегім», «Ақмаржан» әндері орындалды. Сонымен қатар Ержан Омаров көрерменге «Адай» күйін тарту етті. Концерттің соңы Нұрболат Шікетаев пен мойынқұмдық жас әншілердің орындауындағы Шәмші Қалдаяқовтың «Мойынқұмда» атты әсем әнімен аяқталды.