ЖАМБЫЛЫМ ҚАНДАЙ ТАМАША
Бүгін Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында «Жамбылым қандай тамаша!» атты мерекелік іс-шарасы болып өтті. Жамбыл облысының 80 жылдығына орай, «Жастар жылы» аясында өткізіліп отырған шараны тамашалауға келген жұрттың қарасы қалың болды.
Аталмыш концерттік бағдарламаны бастамас бұрын Жамбыл облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мадиева сөз алып, қала тұрғындары мен қонақтарының құрметіне өңірге белгілі өнерпаздардың үш ай бойы көңілді кеш сыйлайтындығын айта отырып, шараға келген барша қонақтарға алғысын білдірді.
Бұдан кейін Жамбыл ауданының жалынды да дырынды жастары сахнада өз өнерлерін паш етті. Концерттік бағдарлама «Жыр-Думан» дуэтінің «Жамбылым» атты әсем әнімен басталды.
Сонымен қатар Тәңірберген Сейілғазы, Жақсылық Жандаралиев, Асыл Есенбаева мен Ерғара Жанеркенің орындауында «Айналайын», «Қалауым», «Қозы Көрпеш» әндері мен қазақ эстадасының жарық жұлдыздарына айналып үлгерген «Әдемі ай» дуэті «Күлімде» «Әдемі аймен бірге» әнін әуелетті. Және «Аса сазы» би тобы «Араб» биі, «Үнді» биі сынды бірқатар шығармаларын сахналады. Концерттің соңында Нұрғылан Оспанов «Дудар ай» және Шет ел әндерінен попурри орындады.
Қала тұрғындарының Жамбыл ауданы өнерпаздарының өнеріне қол соғып, қошеметтерін аямады. Шырайлы шараның аяғы одан әрі қарай ашық аспан астындағы көңілді биге ұласты.
Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысының 80 жылдығына орай және «Жастар жылы» аясында облыс аудандары мен Тараз қаласының өнерпаздары үш ай бойы өңір тұрғындарына концерттік бағдарлама ұсынады. Маусым айының 14 нен басталған шара аптаның жұма және сенбі күндері Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында қыркүйек айның 8 не дейін жалғасын таппақ.