Бүгін:
kz ru

Байзақ ауданы өнерпаздарының «Жамбылым қандай тамаша!» мерекелік іс-шарасы өткізілді


Жамбыл облысының 80 жылдығына орай, 2019 жылы 28 маусым күні Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы Жеңіс саябағында «Жастар жылы» аясында Байзақ ауданы өнерпаздарының «Жамбылым қандай тамаша!» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді.

 Концерттік бағдарлама Динара Диханбаеваның орындауындағы Маржан Арапбаеваның «Жасасын өмір» әнімен ашылды.

Сонымен қатар ,Дулат Жасұзақов Аян Сейітовтың «Жаным», Әлжан Нұрлыбектің «Мендік сезім» әндерін, Әлібек Жолдасбек Бауржан Есебаевтің «Сені ойлап» әнін көпшілік назарына ұсынды. Сондай-ақ, шырайлы шарада қазақ сахнасында шырқалып жүрген «Мендік сезім», «Алға», «Сыр», «Байқоңырдағы махаббат» секілді әуезді әндер шырқалды.

Концерт соңы Сая Махамбеттің әніне жазылған Динара Диханбаева, Әлібек Жолдасбек, Динара Сағымбаева мен Ғани Абуов және Мұхтар Мудрашовтың орындауындағы «Қазағым» әнімен қорытындаланды.
Мерекелік іс- шараның соңы  ашық аспан астындағы көңілді биге ұласты.





 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз