"ЖАМБЫЛЫМ ҚАНДАЙ ТАМАША" АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІ ЖУАЛЫ АУДАНЫ ӨНЕРПАЗДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН
Жуалы ауданының көркемөнерпаздарының мерекелік концерті 5 шілде 2019 жылы Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында болып өтті. Концерттік бағдарлама «Қызғалдақ» ән- би ансамблі бишілерінің «Шашу белес» биімен ашылды. «Елге сәлем», «Елге арнау», «Айналдым елім», «Қазақ елі», «Ертеңім үшін», «Таразым», «Попурри», «Көзімнің қарасы», «Астанаға арнау», «Жуалының тау самалы», «Қазағым», «Елбасы», «Таразым» т.б әндер орындалды.
Мерейлі отбасы "Жаңабаевтар" əулеті іс-шарада өз өнерлерін көрсетіп, «Ұлы дала», «Мерейлі отбасы», «Бір үйдің баласындай», «Ауылға барам», «Туған жер» т.б да әндерін сыйға тартты.






