Бүгін:
kz ru

«Қазіргі музыкалық өнер мен мәдениет саласындағы интеграциялық үрдістер» шеберлік сыныбының ақпараты

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен ү.ж 27 маусым күні Ықылас Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінде «Қазіргі музыкалық өнер мен мәдениет саласындағы интеграциялық үрдістер» атты шеберлік сыныбы өтті.

Іс-шараны өткізудегі басты мақсат: облыс аумағында классика, джаз, романс жанрларын дамыту, шығармашылық деңгейін көтеру және өнерлі, дарынды орындаушылардың шығармашылық тұрғыда жетілуіне жағдай жасау, «Тараз симфониясы» облыстық өнер фестивалінің гала концертіне қатысушыларды дайындау.

Шеберлік - сыныбын Республикадағы кәсіби джаз өнерінің өкілі, кәсіби гитарист, үлкен симфониялық оркестрдің және аспапты ансамбльдердің дирижеры, көптеген әндер мен инструменталды шығармалардың авторы Нұрлан Байкөзов  пен оның шәкірті- Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің ұстазы- Ақжол Бейшен жүргізді.

Аталған іс-шарада «Тараз симфониясы» өнер фестивалінің облыстық іріктеуінен өткен жеңімпаздармен гала- концерттің бағдарламасына енген шығармалар мен әндердің ноталарын оқу және жаттығу, қатысушылардың дауыс тембріне, диапазондарына қарай тональность белгілеу, орындаушыларды біріктіріп (дуэт, трио, квартет), дауыстарға бөлу жұмыстары жүргізілді.

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз