Бүгін:
kz ru

"Әулиеата бояулары" I халық шығармашылығы фестивалі

Сіздерді, маусым айының 7 жұлдызында «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өтетін «Әулиеата бояулары» І  халық шығармашылығы фестивалінің көрмесіне шақырамыз!
    Шарада еліміздің түкпір-түкпінінен қатысып отырған суретшілердің өңіріміздің тарихи орындары мен тұмса табиғаты бейнеленген 100 ге жуық шығармалары көрермен назарына ұсынылады.
    Сонымен қоса, жергілікті фотографтардың тың туындылары мен қолөнершілердің бұйымдарын да тамашалай аласыздар.  Тұңғыш рет ауқымды форматта өтетін фестивалдің мақсаты-өңірдің көркем табиғатын, тарихи орындарын бейнелеу және қолөнер шеберлері мен жергілікті суретшілердің шығармашылығын насихаттау.
    Сан қырлы сурет пен сан түрлі бұйымдарды тек осы көрмеден тамашалай аласыз. Тараздың сұлулығын ғаламат көрмеде көргіңіз келсе, сіздерді 7 маусым, Бауыржан Момышұлы атындағы "Жеңіс" саябағында, сағат 17:00-де күтетін боламыз!
 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз