Бүгін:
kz ru

«Taraz симфониясы» өнер фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі

Жамбыл облысы əкімдігінің мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 23 мамыр күні Облыстық қазақ драма театрында «Taraz симфониясы» өнер фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі өтті.

Аудандарда өткен іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша «Вокал» номинациясы бойынша 59, «Аспапта орындау» номинациясы бойынша 26 үміткер анықталып, 85 қатысушы облыстық іріктеу кезеңінде өз өнерлерін көрсетті.

ҚР мәдениет қайраткері, қазақ эстрадасының маэстросы Нұрлан Байкөзов, «JAZZ BAND» Шымкент цирк джаз оркестрінің жетекшісі Серік Өтегеновтер облыстық іріктеу кезеңін өткізді.

Сонымен, аталған фестиваль аясындағы облыстық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша «Вокал» номинациясынан- 31, «Аспапта орындау» номинациясы бойынша- 8 қатысушы үздік деп танылды.

 Осы өнерпаздармен 3 ай бойы тәлімгерлер жұмыс істеп, олардың шығармашылықтарын шыңдап, нәтежесінде қыркүйек айында өтетін «Taraz симфониясы» өнер фестивалінің гала-концертінде өз өнерлерін паш етінін болады.





 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз