Бүгін:
kz ru

«Ән қанатында!» атты караоке

Жамбыл облысы әкімдігінің  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығы 1мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Көне Тараз» мәдени -тарихи орталығында «Ән қанатында!» атты караоке алаңын өткізді.

Караоке алаңында түрлі ұлт өкілдері қазақтың әндерін айтудан бақтарын сынап көрді.

Караоке алаңын ұйымдастырудағы мақсат: Қазақтың халық әндерін өзге ұлт өкілдеріне үйретіп, салт-дәстүрімізді сыйлауға құрметтеуге шақыру және Қазақстанда мекендеген барлық ұлт өкілдерін достыққа, ынтымаққа шақыру. Мақсатымыз ән байқауы аяқталғанда толығымен өтелді. Караоке алаңында 35-40 үміткерге жуық, қазақ әндерін нақышына келтіріп орындап сыйлықтарға ие болды.

Үздік шыққан

1.Ілеуова Аяулым «Әсем ән»

2.Ван Яна «Қазағым»

3. Кенжебекова Динара «Армандастар»

     

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз