Бүгін:
kz ru

Облыстық «Taraz симфониясы» өнер фестивалі

Облыс аумағында классика, джаз, романс жанрларын дамыту, шығармашылық деңгейін көтеру және насихаттау, өнерлі, дарынды орындаушыларды анықтау мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Облыстық «Taraz симфониясы» өнер фестивалінің III-ші аудандық іріктеу кезеңі 2019 жылдың 16-24 сәуір аралығында болып өтті.

 Аудандық іріктеу кезеңіне облыс аудандары мен Тараз қаласынан барлығы 150 үміткер қатысып, Облыстық халық шығармашылығы орталығының білікті мамандарынан құралған сараптау комиссиясы жасақталды.

ҚР «Мәдениет саласының үздігі», «Құрмет» орденінің иегері, Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры- Ғани Садырбаев, ҚР «Мәдениет саласының үздігі»,  көркемдік жетекші - Эльмира Дутбаева, әнші, композитор 2011 жылы өткен Республикалық Ш.Қалдаяқов атындағы конкурсының  лауреаты - Көпшіл Ертаев, I Республикалық «Үрмелі және эстрадалық аспапта орындаушылар» конкурсының лауреаты - Нұрбол Баймбетовтер үміткерлердің өнерін бағалап, іріктеуден өткізді.

Аудандық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша облыстық ақтық кезеңге 85 үміткер  жолдама алды.

Оның ішінде «Аспапта орындау»номинациясы бойынша - 26 және «Вокал» номинациясы бойынша -59.







 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз