Бүгін:
kz ru

"Жамбыл-менің жай атым, xалық-менің шын атым" атты республикалық ақындар айтысы өтті.


2019 жылдың 3 сәуір күні Баласағұн  ОКЗ-да «Жамбыл-менің жай атым, халық-менің шын атым!» атты республикалық ақындар айтысы өтті.

Алдын ала ұлы ақын жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етілді.

Айтысқа еліміздің әр аймағынан 20 ақын қатысып, бақтарын сынады.

Іс-шараға танымал айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Аманжол Әлтай (қазылар алқасының төрағасы), әнші, композитор, Қазақстан мен Қырғызстан Республикасының халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, ақын, жазушы, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан, айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Бауыржан Халиолла, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Қайырбек Асанов, айтыскер ақын, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Бекарыс Шойбеков, айтыскер ақын, Жамбыл атындағы «Руханият» орталығының меңгерушісі Ахметжан Өзбековтер қазылық етті.

Ақындар айтысын белгілі ақын, журналист, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық Одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы» Жүрсін Ерман жүргізіп отырды.

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков жиналған қауымды жыр додасымен құттықтап, ақындарға сәттілік тіледі.

Қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдеге (автокөлік) Жамбыл облысының ақыны Қанат Мырзаxан ие болды. І-орынға ие болған  қарағандылық ақын Дидар Қамиевке 1 млн. теңге берілсе, ІІ-орын иеленген үш ақынға Шұғайып Сезімxан (Алматы қаласы), Айбек Қалиев (Қостанай облысы), Бауыржан Ширмединұлы (Батыс Қазақстан облысы) әрқайсысына 500,0 мың тенге табыс етілді. ІІІ-орынды төрт ақын Асxат Қылышбек (Жамбыл облысы), Қажымұxан Абзалов, Нұрлан Есенқұлов (Түркістан облысы),  Мұxтар Ниязов (Қызылорда облысы) өзара бөлісті олардың әрқайсысына 300,0 мың теңгеден және ұйымдастыру тарапынан дипломдар қоса берілді.

Сондай-ақ ынталандыру сыйлығы иеленген Дархан Әбдіманатқа (Жамбыл облысы), Аспанбек Шұғатаевқа (Павлодар облысы), Қайнар Алагөзовке (Ақтөбе облысы) әрқайсысына 150, 0 мың теңгеден ынталандыру сыйлығы, қалған 9 ақынға да қатысқаны үшін 100,0 мың теңгеден сыйақы мен алғыс хаттарлар табыс етілді.






 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз