Бүгін:
kz ru

КҮН МЕН ТҮН ТЕҢЕЛГЕН ӘЗ-НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Бүгін тарих тамырынан сыр шертетің көне шаһар Тараздың төрінде облыс жұртшылығы ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз - Наурыз мерекесін тойлады.

Түбі бір түркі халықтарының айтулы мерекесі шаһарымызда еркеше аталып өтті. Мерекенің ашылуы барысында аймақ басшысы Мырзахметов Асқар Исабекұлы сахна төріне шығып, облыс тұрғындары мен қала қонақтарың Әз-наурыз мейрамымен құттықтап, соңғы уақыттағы өңіріміздегі атқарылып жатқан бірқатар игілікті жұмыстардың дәл осы көктемнің әсем күніне орай ашылуының тұспа-тұс келіп отырғаның жақсылықтың нышаны деп атап өтті.

Олар: Жастар аллеясындағы маңызды нысандардың бірі "Jastar" қаблет орталығы, "Балқарағай" фитобор емдеу-сауықтыру орталғы сияқты бірнеше нысандар.

Сондай-ақ, киелі Әулиеаталықтарды наурыз мерекесімен құттықтап, белгілі шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеуші, жазушы, сыншы, филология ғылымдарының докторы Дербісәлі Шейх Әбсаттар қажы Бағысбайұлы да шаһарымызға арнайы атбасын бұрыпты.

Айтулы мереке концерттік бағдарламамен жалғасып, сахна төрінде қазақ халқының ән-биімен әсем әуендері, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарының көріністері мен қатар Қазақстан эстрада жұлдыздары Құрмаш Мақанов, жұлдызды жұп Әділ мен Дана, Алишер Каримов және Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филормонияның әртістері өз өнерлерің жиналған жұртшылықтың назарларына ұсынып, көпшіліктің алғысына бөленді.

Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын! Барша Қазақстандықтардың шаңырақтарына бақ пен қуаныш, қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын. Ақ мол, жыл ырысты болсын!

МАДИЯР ЕРАЛЫҰЛЫ







 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз