Мэлс Өзбеков атындағы «Келші, Құланға!» IV облыстық әншілер конкурсы
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 7 сәуір күні Т.Рысқұлов ауданы, М.Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде Мэлс Өзбеков атындағы «Келші, Құланға!» IV облыстық әншілер конкурсы өтті.
Конкурс «Сұлутөр» халықтық ән-би ансамблінің сүйемелдеуімен М.Өзбековтың «Келші, Құланға!» әнін Рысбек Қадырқұловтың орындауымен ашылды.
Конкурста Ғайни Әлімбекқызының сөзіне жазылған, Дүйсенәлі Бықыбаевтың «Мэлсті аңсау» әнін Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, Жамбыл облыстық филармониясының әншісі – Оңал Азаматова орындады.
Өнер байқауын салтанатты түрде «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М. Шүкеев, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Бықыбаев пен Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ж.Айтақов ашып, қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
Мэлс ағамыз қалдырған асыл мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында өткен конкурсқа облысымыздың аудандары мен Тараз қаласынан 11 үміткерлер қатысты.
Қазылар алқасының құрамында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты, әнші, композитор - Әбиірбек Тінәлі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облыстық филармониясының «Тараз» триосының әншісі - Асылхан Шүңіреков, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, Жамбыл облыстық филармониясының әншісі - Оңал Азаматовалар болды.
Конкурстың қорытындысы бойынша:
І орын- Үсейн Жазира (Т.Рысқұлов ауданы)
ІІ орын- Алдабергенов Бекет (Меркі ауданы)
ІІ орын- Джуатбекова Сәуле (Қордай ауданы)
ІІІ орын- Омаров Ержан (Мойынқұм ауданы)
ІІІ орын- Айдарбекова Марал (Байзақ ауданы)
ІІІ орын- Әмірбетов Нұрлан (Т.Рысқұлов ауданы)
Ынталандыру дипломдарымен Алтыбаев Талғат, Абеков Бақытжан (дуэт) (Шу қаласы), Сейілғазы Тәңірберген (Жамбыл ауданы) марапатталды.
Қоңқақов Жасұлан (Сарысу ауданы) мен Құлышев Ерболатқа (Т.Рысқұлов ауданы) алғыс хаттар тапсырылды.





