Бүгін:

«Туған жер – тал бесігім!» атты республикалық ақындар айтысы

 

2017 жылдың 8 сәуір күні «Баласағұн» орталық концерт залында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аясында «Туған жер – тал бесігім!» атты республикалық ақындар          айтысы өтті.
 Айтысты «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Шүкеев ашты. Қазылық еткен елімізге танымал Жанарбек Әшімжан – ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының бірінші орынбасары, Көсемәлі Сәттібайұлы – Облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы, Шырын Мамасерікова – ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Қайырбек Асанов – ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі.
 Ақындар айтысына Республикамыздың әр өңірінен Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл облыстары мен Астана қаласынан 20 ақын қатысты.
 
 
 Қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені Жамбыл облысының ақыны Д.Әбдіманап  иеленді.
 І орын – М.Ниязов (Қызылорда облысы), Н.Құрманов (Жамбыл облысы).
 ІІ орын – Р.Қайыртайұлы (Шығыс Қазақстан), А.Қасымбекова (Жамбыл облысы).
 ІІІ орын – А. Қалиев (Арқалық қаласы), Н.Мансуров (Астана қаласы).
 Ынтыландыру сыйлығы – К.Сәрсенбаева (Жамбыл облысы), О.Отар (Жамбыл облысы), Б.Мұхитдинқызы  (Қарағанды облысы), А.Жаппарқұлова (Оңтүстік Қазақстан облысы)
 Алғыс хат -  Қ.Мырзахан (Жамбыл облысы), Б.Жұмабеков (Жамбыл облысы), Д.Апбасов (Жамбыл облысы), Д.Басығараев (Жамбыл облысы), Ш.Сәбитқызы (Жамбыл облысы), А.Исақов (Жамбыл облысы), А.Бекмұсаев (Жамбыл облысы), Е.Досалы (Жамбыл облысы), Ә.Дүйсебаев (Жамбыл облысы)
 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз