Бүгін:
kz ru

«Жамбыл- менің жай атым, халық-менің шын атым!» атты республикалық ақындар айтысының іріктеу кезеңі

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 173 жылдығына орай, Байзақ және Жамбыл аудандарындағы мәдениет үйінде «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» атты аудандық ақындар айтысы өтті.
Аталған додаға аудандардан іріктеліп шыққан жас талантты ақындар өз өнерлерін жиналған жұртшылыққа ұсынды. Қазақтың сөз өнерін құрметтеген жез таңдай, жүйрік тілді ақындарымыз орақ тілді жалынды сөздерімен халықты тербете білді. Бұл жыр додасының бір ерекшелігі шалғай өңірлер мен айтыс төрінен орын алуды мақсұт еткен жас жалыңды таланнтыларда өз өнерлерін ортаға салып отыр. 
Сонымен қатар, бұл айтысқа халықаралық, республикалық аламан айтыстардың жеңімпазы, облыстық «Руханият» орталығының меңгерушісі, мәдениет саласының үздігі Ахметжан Өзбеков бастаған қазылар алқасы төрелік жасады. 
Айтысқа қатысқан барлық ақындардың ішінен бірнеше ақындар облыстық кезеңге жолдама алды. Сондай-ақ додаға қатысқан барлық айтыскер ақындарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз