«Жамбыл- менің жай атым, халық-менің шын атым!» атты республикалық ақындар айтысының іріктеу кезеңі
2019 жылдың 17 қаңтар күні сағат 14.00-де аудандық мәдениет үйінде «Жамбыл- менің жай атым, халық-менің шын атым!» атты республикалық ақындар айтысына Сарысу ауданы бойынша іріктеу кезеңі өткізілді. Аудандық іріктеу айтысына 6 ақын қатысты. Атап айтар болсақ, Қызылдихан ауылынан Шалқарбай Шынболатов, Жайылма ауылынан Айгүл Қойлыбекова, Ұ.Сыздықбайұлы ауылынан Кәкімжан Жолшыбек, Саудакент ауылынан Алик Бекмұсаев және ауданнан Талғат Құсайынов пен Дариха Үмбетияровалар қатысты. Айтыс арасында дәстүрлі әндер, термелер орындалды.Қазылар алқасының шешімі бойынша 1 -орынды Алик Бекмұсаев, 2-орынды Талғат Құсайынов, 3-орынды Шалқарбай Шынболатов жеңіп алды. Ақындармен бірлесе отырып, шеберлік сыныбы өткізілді. Шеберлік сыныбында айтыс өнері – қазақ халқының ауыз екі әдеби-музыкалық өнерінің көлемді және құнды салаларының бірі екенін, айтыста халқымыздың әдет-ғұрпы, тұрмыс-салты, дүниетанымы, эстетикалық, рухани, философиялық және әлеуметтік көзқарасы қалыптасуы, сонымен қатар Құлмамбет айтысы жөнінде айтып өтті.







